Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Милад Карими спорттық гимнастикадан Токио Олимпиадасының үздік бестігіне енді

2021 жылдың 1 тамыз 2021 14:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токио Олимипадасында спорттық гимнастикадан жекелеген снарядтар бойынша финалдық кезең басталды.

Бүгін еркін жаттығудан Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды деп жазады Olympic.kz .

Бұл жаттығудың финалдық кезеңінде Қазақстандық гимнаст Милад Карими де сынға түскен болатын. Карими өз бағдарламасын орындау барысында кішігірім қателіктер жіберіп, 14.133 ұпай жинады.

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық гимнаст бесінші орынға тұрақтады.

Айта кетелік, бұл спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы өкілдерінің Олимпиада ойындарында көрсетіп отырған ең үлкен нәтижелерінің бірі. Әсіресе, Милад Карими еркін жаттығудан Олимпиадада үздік бестікке енген алғашқы қазақстандық гимнаст.

Ол Токио Олимпиадасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша 14-ші орынға тұрақтады. Енді Карими гимнастикалық керме бойынша Олимпиада жүлдесіне таласады.





ФОТО: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай