Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Михаил Гусман: Кәсібилік жағынан ТАСС пен ҚазАқпарат журналистері тең тұр

2020 жылдың 14 тамыз 2020 15:00

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Ресейдің ТАСС ақпараттық агенттігі Бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусман «ҚазАқпарат» агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Қымбатты достар, құрметті әріптестер. Шын көңілмен айтарым, сіздерді жүзжылдық мерейтоймен құттықтау маған зор қуаныш сыйлайды, бұл – мен үшін үлкен құрмет.

ТАСС агенттігінің қызметкерлері бұл мерейтой межесінен өтті. 1 қыркүйекте арада екі аптадан соң біз 116-жылдығымызды атап өтеміз. Сондықтан сіздер бізге жақынсыздар, жүзжылдық тарихы бар достармыз. Тек жас жағынан кішісіздер. Ал «ҚазАқпарат» тілшілерінің барлық жылдардағы жұмысындағы кәсібилігі, ондағы жауапкершілігі мен адалдығын айтар болсақ, осы тұста тең дәрежедеміз. Біз – кәсіби мамандармыз, жұмысымыздың қыр-сырын білеміз, оған аса жауапкершілікпен қараймыз, кәсібімізді жақсы көреміз осы тұста да бірдейміз.

Ұзақ жылдар бойы «ҚазАқпараттағы» әріптестермен кәсіби, шығармашылық, байланыстамын, жеке таныспын. Соған қуанамын. Сіздердің еңбектеріңізді шексіз құрметтеймін, арадағы достықты қатты бағалаймын», - деді Михаил Гусман.

Ол Қазақстанға келіп тұратынын, Мемлекет басшысынан сұхбат алғанын атап өтті. «Өкінішке қарай, біз жиі кездесе бермейміз, бірақ мен үшін әр кездесу – көңіл мерекесі. Мені сіздердің тамаша елдеріңіз, Қазақстанмен терең сезім байланыстырып отыр. Қазақстанды, қазақ халқын өте жақсы көремін, елдеріңізге қуана барамын. Қазақстан көшбасшыларымен мықты сұхбат жүргізгеніме бақыттымын. Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлымен бірнеше рет кездесіп, ол кісіден сұхбат алдым. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан да интервью алғаныма көп уақыт өткен жоқ, әрбір әңгімелесу кезінде маған журналист ретінде ғана қарап қоймай, ТАСС агенттігіне, туған елім Ресейге деген ерекше ықыласты байқадым.

Менің ойымша, бізді расымен де үзілмес достық байланыстырып отыр.

Сіздерге, менің барлық әріптестеріме амандық тілеймін. Пандемиядан бірігіп еңсеріп, көп ұзамай достық ниетпен қайта қауышу тілегін білдіремін.

Жүзжылдық мерейтойларыңыз құтты болсын!», - деді Михаил Гусман.


Басты сөздер: БАҚ, Ресей, ҚазАқпаратқа 100 жыл,
Жоғары қарай