Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті

2021 жылдың 17 қаңтар 2021 13:47

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев коронавируспен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай растады.

«Мейрамбекті кеше түсте жедел жәрдем алып кетті. Бірден жансақтау бөліміне түсті. Алдымен пневмония деген, кейін коронавирус анықталды», - деді Ерлан Жүнісбай.

Оның айтуынша, қазір әншінің денсаулығы жақсы.

«Қазір жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды. Телефонмен сөйлесіп отырамыз. Уайымдамаңыздар, жағдайы жақсарды. Онымен кеше кешке сөйлестім. Ол Қалқамандағы №7 аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтқысы келеді. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, олардан үйде отыруын және қонаққа бармауын сұрады», - деді «МузАРТ» тобының директоры.





Жоғары қарай