Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Меншік иелерінің бірлестіктері қалай құрылады

2021 жылдың 22 сәуір 2021 17:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Ержан Сейтенов онлайн брифинг барысында меншік иелерінің бірлестіктері мен қарапайым серіктестіктің қалай құрылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меншік иелерінің бірлестіктері (МИБ) құру үшін жалпы жиналысқа немесе сауалнамаға қатысушылардың жартысынан көбінің келісімі қажет екенін есте ұстаған жөн. Ал қарапайым серіктестік құру үшін үй тұрғындарының 100% келісімі қажет. Олардың әрқайсысы сенімхат беріп, бірлескен қызмет туралы шартқа қол қоюы керек», - деді спикер.

Ержан Сейтенов МИБ төрағасы немесе қарапайым серіктестіктің сенімді өкілі бір жылға сайланатынын айтты. Сонымен қатар, үй кеңесі сайланады. Жиналыста кемінде 51% болуы керек тұрғындар кем дегенде үш пәтер иесі кіретін үй кеңесінің мүшелерін сайлауы керек. Олар үш жылға сайланады.

Әрі қарай, басқарудың екі формасының бірін таңдайды: МИБ немесе ҚС. Немесе үй кеңесіне басқару формасын таңдауға өкілеттік береді.

Тіркеу нәтижелері бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі. МИБ мен ҚС екінші деңгейдегі банкте ағымдағы және жинақ шоттарын ашуы тиіс.

«Жалпы алғанда, МИБ, ҚС, басқарушы немесе басқарушы компанияның қызметін үйлестіруді және үйді басқару және ортақ мүлікті ұстау бойынша ай сайынғы, жылдық есептерді қарауды үй кеңесі жүзеге асырады. МИБ/ҚС қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды тексеру комиссиясы немесе тексеруші жүзеге асырады», - дейді Ержан Сейтенов.

Оның айтуынша, егер тұрғындар МИБ төрағасын сайласа, онда ол сервистік ұйымдармен тікелей жұмыс істеуге, меншік иелері бірлестігінің атынан шарттар жасасуға, қызметтерге ақы төлеуге құқылы. Жиналған қаражатты үйдің кеңесі бақылайды, ал барлық бақылау мен мониторинг тұрғындарға қалады.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Тұрғын үй, Алматы,
Жоғары қарай