Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды

2020 жылдың 16 қазан 2020 09:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Менің Қазақстаным» халықаралық музыка челленджі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ән марафоны атақты композитор, ән өнерінің әйгілі майталманы, қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі, ҚР Әнұраны әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналды.

Қазақ əн өнерінің бұлбұлы атанған Бибігүл Төлегенова бастаған халықаралық музыка челленджіне əлемнің 30-дан астам мемлекетінен 1000-нан астам азамат қатысты. Жалпы «Менің Қазақстаным» эстафетасы 300 мыңнан астам көрерменді қамтыды.

Ақтоты Райымқұлова «Менің Қазақстаным» челленджіне атсалысқан ҚР Сыртқы істер министрлігіне, алыс-жақын шет елдердегі қандастарымызға, еліміздегі барлық концерт ұйымы мен жеке орындаушыға алғыс айтып, «Арыс жағасында» əнін тарту етті.





«Міне, Қазақстанның Халық әртісі, әйгілі композитор, Қазақстан Республикасы Әнұраны әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты ән шеруін тәмамдадық. Қазақ музыкасының алтын дауысы Бибігүл Ахметқызы Төлегенова бастаған музыкалық марафон бірлігімізді бекемдеп, патриоттық сезімімізді биіктетті. Жобаға әлемнің 30-ға жуық мемлекетінен мыңнан астам қатысушы атсалысты. Халықаралық ән эстафетасын әлеуметтік желілер арқылы 300 мыңнан астам адам тамашалады. Музыкалық челленджге атсалысқан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, алыс-жақын шет елдердегі елшіліктер мен қазақ диаспораларына, өңірлік концерттік ұжымдарға, жеке орындаушыларға зор құрметпен алғысымды білдіремін«, - деді Ақтоты Райымқұлова.

















Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Мәдениет,
Жоғары қарай