Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Menin Armanym» жобасы Қазақстандағы науқас балалардың арманын орындайды

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 14:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда ауыр дертке шалдыққан балалардың арманын орындайтын арнайы қор құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Menin Armanym» корпоративті қорының 3 айлық жұмысы барысында 120 өтініш қаралған.

Бүгінде 13 баланың арманы орындалды.

«Қазақстанда ауыр дерттен ғұмыры санаулы он мыңдаған бала бар. Жобамыздың мақсаты – балалардың осы өмірдегі арманын орындау. Науқас балалар ауруханаларда сұрқай қабырғалардың ортасында көп уақытын өткізеді. Олардың өлшеулі ғұмырында рух беру, ауыр медициналық процедуралардан бір мезгіл көңілін аулау мақсат болып отыр. Біздің қор 3-18 жас аралығындағы балалардың арманын орындауға тырысады. Бүгінде 13 баланың арманын орындадық», - дейді қордың атқарушы директоры Шамиль Ванкеев.

Жоба авторларының айтуынша, балалардың арманы көп.

Біреу зообаққа барғысы келеді, екінші бала басқа қалаларды арала ғысы келеді. Сүйікті спортшысымен, әншісімен кездесіп, қолтаңба алғысы келеді.

«Біз барынша балалардың арманын орындауға тырысамыз. Аз уақытқа болсын, полиция қызметкері, супербатыр болуға мүмкіндік береміз», - деді ол.

Мәселен, 4 жасар Мирас - өзінің дертіне қарамастан өте белсенді, көңілді бала. Оған «Маrvel» киноәлемі ұнайды. Мирас суперкейіпкерлермен кездесуді армандайды.





«Қор командасына алғыс айтқым келеді. «Menin Armanym» қорында жас балалар жұмыс істейді. Олар да - біреудің балалары. Олар өмірін басқа арнаға бұрса да болар еді. Бірақ, таңдауы басқа. Осындай мейірімді балаларды тәрбиелеген ата-анасына алғысым шексіз», - дейді Мирастың анасы Әйгерім Уразалиева.

Еріктілердің қолдауының арқасында қор Қазақстан бойынша бөлімшелерін ашып жатыр. Сәуірдің соңына дейін Қазақстан бойынша 15 бөлімше ашу жоспарда бар.

«Біздің қор емдеуге ақша жинамайды. Жұмыс басталғалы бері еріктілерден 300 жуық өтініш түскен. Біздің қорда кез келген адам жұмыс істей алады», - деді Шамиль Ванкеев.





















Жоғары қарай