Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мен қазақпын, қырғыз ол – туысқаным: Садыр Жапаров Ақордада Жұбан Молдағалиевтің өлеңін оқып берді

2021 жылдың 2 наурыз 2021 13:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Ақорда резиденциясында Қырғызстанның жаңа Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров арасында шағын құрамда келіссіөздер жүгізілді. Келіссөздар барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастардың терең екенін айтқан Қырғызстан президенті қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиевтің сөздерін еске алды.

– Мен қазақпын, қырғыз ол – туысқаным,

Бірге тартқан тарланның құйысқанмын.

Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки,

Бөліп берген егізге уыс нанын, – деп қазақ ақынының поэмасынан үзінді келтірді, Қырғыз Президенті.

Айта кетейік, осы сапар қарсаңында Қырғыз басшысы «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Умаровқа эксклюзив сұхбат берген болатын.


Жоғары қарай