Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мемлекеттік ЖОО басшыларын тағайындау қағидаттары бекітілді

2020 жылдың 29 мамыр 2020 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жекелеген мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау қағидаттары бекітілді. Бұл туралы қаулы ҚР Үкіметінің ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы

Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін және оларды лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қоса беріліп отырған:

1) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;

2) Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын бірінші басшыларын лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин


Басты сөздер: Білім, Тағайындау,
Жоғары қарай