Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік тілге қоғамның сұранысы артып келеді – Ақпарат министрі

2021 жылдың 21 қазан 2021 15:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік тілге деген қоғамның сұранысы артып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының мақсатын түсіндіру кезінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, бірінші бағыт - Елбасының бағдарламалық мақаласында қамтылған идеялардың «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ары қарай ілгерілету. Осы орайда мемлдекеттік тілді дамыту міндеті жекелей белгіленген.

«Жалпы, осы блок бойынша 38 жоба жоспарланған. Олардың түпкі мақсаты - ұлттың шығармашылық әрі зияткерлік әлеуетін қолдау мен дамыту. Бұл бағыттың екінші маңызды міндеті – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Өйткені, «ұлтты сақтау» дегеніміздің өзі – тілді сақтап, дамыту екені белгілі. Мемлекет басшысы қазақ тілінің болашақта – ұлтаралық тілге айналатынына сенім білдіргенін білесіздер. Оған бүгінде барлық негіз бар. Мемлекеттік тілге деген қоғамның сұранысы артып келеді. Бұл – уақыт талабы», - деді А. Балаева.

Осы орайда ол бұл мәселеде бірқатар ауқымды жоба қарастырылып отырғанын жеткізді.

«Атап айтқанда, мемлекеттік тілді оқыту бойынша инновациялық ІТ-өнімдер әзірлеу, танымал анимациялық және танымдық арналарды қазақшалау, орта білім берудің тілге қатысты бағдарламаларына өзгерістер енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қазақ тіліндегі оқулықтар әзірлеу сияқты жүйелі іс-шаралар бар. Бір сөзбен айтқанда, мақсатымыз – қоғамдағы қазақтілді ортаны барынша кейейту, оны тұрмыста ғана емес, ғылым мен білімнің, бизнес пен әлеуметтің тіліне айналдыру», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, А.Балаева «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасының негізгі мақсатын айтты.


Жоғары қарай