Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік саясатта ғылыми және сарапшылық қолдауға қажеттілік артады – Сенат спикері

2021 жылдың 15 қазан 2021 12:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік саясатта ғылыми және сарапшылық қолдауға қажеттілік артады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңызды тұс – әлеуметтану саласында кадрларды дайындау. Бұл жерде де белгілі бір мәселелер бар. Толықтай алғанда, алдағы кезеңде мемлекеттік саясатта ғылыми және сарапшылық қолдауға қажеттілік артатын болады. Қазақстан Парламентінің Сенаты отандық әлеуметтану ғылымына ең алдымен заңнамалық қамтамасыз ету тұрғысынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Сенат сарапшылық қоғамдастықты дамытуға бағытталған жобаларды қолдайды. Конгресс аясында Жас әлеуметтанушылар форумы жұмыс істейтінін білеміз. Бұл біздің палатамызда жүргізетін жұмыстармен үндеседі», - деді Сенат спикері Қазақстан әлеуметтанушыларының VII конгресінде.

Осы ретте Мәулен Әшімбаев Сенат жанында Жас сарапшылар клубы алаңы бар екендігін еске салды. Оның мақсаты түрлі салаларды дамыту үшін заңнаманы жетілдіру мен ұсыныстар әзірлеуге ссарапшылардың жаңа буынының әлеуетін жұмылдыру екендігін атап өтті.

«Бұған қоса, біз клуб бастамашылық жасаған жаңа қоғамдық жобаға – Сарапшылар мектебіне қолдау көрсетті. Мектептің мақсаты – мемлекеттік қызметте, академиялық ортада жұмыс істейтін жас мамандарға сарапшылық дағды қалыптастыруға көмектесу. Әлеуметтанушылар қауымдастығын осы жобада ынтымақтастыққа шақырамын», - деді ол.


Жоғары қарай