Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мемлекеттік сатып алу үшін тауарлардың электрондық каталогы қолданысқа енгізіледі

2022 жылдың 26 мамыр 2022 19:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік сатып алу үшін тауарлардың электрондық каталогы қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпкерлер мен әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу процесінде тауарлардың электрондық каталогынан техникалық ерекшеліктерді жасайтын болады. Тауарлардың электрондық каталогынан сатып алынуы тиіс тауарлар Қаржы министрлігі бекіткен арнайы тізбеге енгізілген.

Әзірлеушілердің пікірінше, бұл жоба әділ бәсекелестікке ықпал ете отырып, мемлекеттік сатып алуды неғұрлым ашық жүргізуге мүмкіндік береді, ал бірыңғай номенклатураны, бірегей өнім кодтарын және олардың сипаттамаларын анықтау бағаларды нақты талдауға мүмкіндік береді.


Жоғары қарай