Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік қызметтер уақыты 5 минутқа дейін қысқартылады - Бағдат Мусин

2021 жылдың 12 қазан 2021 12:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин саладағы ұлттық жобаны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасына тоқталсақ, оны іске асыру аясында тиісті көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланған. Интернет желісінің ену деңгейі, яғни пайдаланушылардың саны 91-ден 95 пайызға жеткізу, мемлекеттік қызметтерді 9 күннен 5 минутқа дейін қызмет көрсету уақытын қысқарту, бизнестен талап етілетін деректердің 50% онлайн есепке алу, Қазақстан аумағы арқылы «Азия-Еуропа» жалпы транзиттік деректердің трафик деңгейін 3%-дан 8%-ға жеткізу ескерілген. Сонымен қатар, IT-экспорты 500 млн АҚШ долларына жеткізу, инновациялық өнім көлемін 1,7- ден 2,5 трлн теңгеге арттыру, коммерцияландыру жобаларының жеке қоса қаржыландыруын 50 %-ға жоғарлату жоспарланды. Әр мақсатқа жету үшін тиісті іс-шаралар қарастырылған», - деді Б. Мусин.

Ұлттық жоба 10 бағыт және 208 іс-шарадан тұрады, оларды іске асыру 2025 жылға дейін жоспарланған.

Ұлттық жоба екі блокқа бөлінген:

ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ, ол:

– Қызметтерді 5 минут ішінде көрсету;

– IT саласын дамыту;

– Халық үніне құлақ асатын және тиімді мемлекет;

– Ыңғайлы өмір сүруге арналған цифрлық құралдарды қолдану;

– Технологиялық және инновациялық бизнесті дамыту;

– Сапалы интернет пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

ҒЫЛЫМ блогы;

– Ғылыми экожүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

– Елдің дамуына ғылымның үлесін арттыру, яғни ҒЫЛЫМ-ӨНДІРІС-БИЗНЕС принципін қолдану;

– Ғылымды әкімшілендіруді жетілдіру.

Ұлттық жобаны іске асыру үшін 1,4 трлн теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат бөлу талап етіледі. Оның ішінде цифрландыру және инновацияларға 587,8 млрд теңге және ғылым бағытына 833 млрд теңге қарастырылған. Жалпы, ұлттық жобаны іске асыру үшін 800 млрд теңге жеке инвестицияны тарту қарастырылған.

«IT саласының дамуы» бағыты бойынша жыл сайынғы экспортты

500 млн АҚШ долларға жеткізу, жалпы 500 млрд. теңге инвестиция тарту үшін 100 мың жұмыс орнын құру қарастырылған. Сондай-ақ криптоиндустрияның әлемдік айналымынан кірістің 1%-ын тарту, көрші мемлекеттерге қызмет көрсете алатын DATAHUB құру ескерілген», - деді министр.

«Халық үніне құлақ асатын және тиімді мемлекет» бағытында:

- мемлекеттік органдардың құжат айналым көлемін 50%-ға төмендету, яғни цифрлық технологияларды пайдаланудың арқасында құжат айналымын қысқарту;

- салалар деректерінің 50%-ын цифрлық форматта есепке алу.

- смартфон арқылы азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара байланысы мен мемлекеттік органдарды бағалау қарастырылған.

«Интернет желісіне ену деңгейінің 95 %-ға қол жеткізу үшін мынадай құралдарды енгізу жоспарлануда: төмен орбитадағы спутниктерді пайдалану, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер байланыс қызметтерін субсидиялау, 5G-ді облыс орталықтарында және республикалық маңызы бар қалаларда енгізу», - деді министр.


Жоғары қарай