Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік БАҚ-ты оңтайландыру: «Қазақ газеттері» холдингі құрылады

2020 жылдың 23 қазан 2020 13:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарын біріктіру мәселесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлбетте елдегі БАҚ-тарды (мемлекеттік) біріктіру – уақыт талабы. Барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар бюджетті оңтайландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы бұл бірігу – әкімшілік-шаруашылық саланы оңтайландыруды көздейді. Шығармашылық бөлімге оның еш қатысы жоқ», - деді Аида Балаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр бұл ретте нақты механизм жолға қойылғанын атап өтті.

«Бірінші кезеңде «Egemen Qazaqstan» мен «Казправда» газеттері біріктіріледі. Жаңа жылдан кейін олар жеке ЖШС болып құрылады. Осыдан кейін «Қазақ газеттері» АҚ-қа біріктіріледі. Яғни «Қазақ газеттері» деген біртұтас холдинг құрылады. Сол себепті нақты алгоритм бар. Бұл оңтайландыру ұжымдардың шығармашылық бөлімдеріне мүлде қатысты болмайтынын тағы бір мәрте атап өткім келеді», - деді министр.



Жоғары қарай