Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттамайды

2021 жылдың 25 ақпан 2021 14:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы қымбаттай ма? Бұл сұраққа «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бақытты отбасы» бағыты бар, бүгінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 10 мыңға жуық өкілі, оның ішінде көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар 2% ипотекалық қарызбен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй бағасы бекітілген, тұрақты және өзгертілмейді», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

2020 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 15,3 млн шаршы метр немесе 140 мың тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2019 жылғы кезеңнен 17% жоғары.

Әкімдіктер 28 мың пәтерді немесе елде салынған тұрғын үйдің жалпы көлемінің 20%-ын белгіленген бағамен тапсырған.

Отбасы банкі арқылы халыққа «Бақытты отбасы» және «5-10-20» әлеуметтік бағыттарын қоса алғанда, 145,7 млрд теңгеге 14,3 мың жеңілдетілген несие берілген. Биыл барлық қаржы көздері есебінен 17 млн шаршы метр немесе 163 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр.


Жоғары қарай