Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мемлекетке 82 млн теңге залал келтіріп, салықтан жалтарған қарағандылық ұсталды

2021 жылдың 24 қараша 2021 09:42

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 250 миллионнан астам теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру дерегінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Салықтар – бұл мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл қаражат мектептер, ауруханалар салуға, азаматтардың кейбір санаттарына: көп балалы отбасыларға, табысынан айырылған адамдарға, мүгедектерге және басқа да тұлғаларға жәрдемақы төлеуге бөлінеді.

Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты негізде салық төлеуден жалтаруға жәрдемдесу деректерін анықтайды және олардың жолын кеседі.

Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ықпал ету дерегі бойынша облыс тұрғыны М. Н ығметті қамауға алды.

Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде азамат М.Нығмет құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға маманданған «Промтехстрой 2010» ЖШС жарғылық капиталының 100% үлесін сатып алғаны анықталды.

Алайда ЖШС атынан «KZ VEFA-STROY» ЖШС-мен жасалған шарттар сомасының 7% мөлшеріндегі сыйақы үшін 258 миллион теңгеге жалған мәмілелер жасалды, заңсыз шот-фактуралар жазып берілді. Құрылыс және монтаждау бойынша қызметтер іс жүзінде көрсетілмеген.

Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 82 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

М.Нығмет 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.


Жоғары қарай