Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік қылмыскер Нұр-Сұлтаннан ұсталды

2021 жылдың 8 ақпан 2021 17:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының 58 жастағы азаматы «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күдікті 2006 жылы телефон арқылы зорлық-зомбылық көрсетем деп қорқытып, Ресей азаматынан үлкен мөлшерде ақша талап еткен.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Омбы облысының ІІБ осы дерек бойынша РФ ҚК 330-бабымен қылмыстық іс қозғаған.

2019 жылдың 28 ақпанынан бастап бұл азаматқа мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Елорда көшелері мен қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елорда аумағында заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында 1-5 ақпан аралығында «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы өткізілді.

Полиция қызметкерлері шетел азаматтары заңсыз жүруі мүмкін орындарды, құрылыс нысандарын, адам көп жиналатын жерлерді тексеріп жатыр.

Шара басталғаннан бері шетелдік азаматтардың Қазақстанда жүріп-тұру ережесін бұзудың 150-ден астам фактісі анықталды, халықаралық іздеуде жүрген үш шетелдік азамат ұсталды.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға, Заң, Ресей,
Жоғары қарай