Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мемлекет басшысының Надальмен және Джоковичпен кездесуінің видеосы жарияланды

2019 жылдың 24 қазан 2019 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлем теннисінің жұлдыздары Рафаэль Надальмен және Новак Джоковичпен кездесуінен видеоүзінді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында әлемдік теннистің қос жұлдызы Новак Джокович пен Рафаэль Надаль қайырымдылық матчын өткізеді. АТР (Кәсіби теннисшілер ассоциациясы) рейтингінде бірінші және екінші ракетканы өзара бөлісіп отырған екі спортшы Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінің шеңберінде тұңғыш рет бір-бірімен бақ сынаспақ.

Биыл Новак Джокович те, Рафаэль Надаль да «Үлкен дулыға» турнирін екі реттен жеңіп алды. Рафаэль – «Ролан Гаррос» пен US Open жарысын ұтса, Новак – Australian Open мен «Уимблдон» турнирін жеңді», - деп жазды Б.Уәли Facebook-те.

Сондай-ақ ол сербиялық Джокович өзінің спорттық ғұмырында «Үлкен дулыға» турнирінің 16 дүркін жеңімпазы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері болғанын қосып өтті. Жалпы жарыстардан 135 миллион 259 мың 120 доллар ұтып алған.Ал испаниялық Надаль «Үлкен дулыға» жарысындағы жеңісін 19 рет тойлаған, Бейжің және Рио-де-Жанейро Олимпиадаларының чемпионы. Ол осыған дейін 115 миллион 178 мың 858 доллар пайда тапқан.Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Мемлекет басшысы атақты теннисшілерді «Ақорда» резиденциясында қабылдады.

Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай