Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес мүшесі Марат Башимовті қабылдады

2020 жылдың 11 наурыз 2020 18:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Ұлттық кеңестің мүшесі Марат Башимовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимовпен кездесу барысында құқық қорғау жүйесіне, заң жобаларын жетілдіруге және азаматтық секторды дамытуға қатысты мәселелер сөз болды.

Қоғам қайраткері Мемлекет басшысының бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы тиіс деген ұстанымын қолдайтынын айтты.

Жоғары қарай