Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылдың 1 желтоқсан 2020 17:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сұхбаттасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтап, еліміздің дамуы баянды және халықаралық қауымдастықтағы мерейінің лайым үстем болуына тілектестігін білдірді.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы достық пен бауырластыққа, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды әрі қарай нығайтуға мүдделіліктерін растады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев күн тәртібіндегі өңірлік деңгейдегі бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, биылғы жылдың аяғына дейінгі іс-шараларды талқылады.


Жоғары қарай