Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Мемлекет басшысы нарықтағы қауіпсіздікті сақтау үшін техникалық реттеу туралы заң әзірлеуді тапсырды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 12:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі нарықта ұлттық тауарлар мен өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Үкіметке техникалық реттеу туралы заң әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің халық лифттер мен атракциондардың, тамақ өнімдерінің сапасының төмендігі бойынша мәселемен жиі бетпе-бет келеді. Өнім сапасы мен қауіпсіздігі ешқашан екінші орынға ысырылмауы керек. Ішкі нарықтағы қауіпсіздікті сақтау үшін ұлттық сертификаттау жүйесін дамытып, ұлттық стандарттарға деген сенімді қайтару керек. Техникалық реттеу мен акредиттеу заңнамасы 10 жыл бұрын қабылданған. Ол бүгінгі күннің талаптарына сай емес. Үкімет техникалық реттеу туралы заң әзірлеуі керек», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент заңды жыл соңына дейін қабылдау керектігін тапсырды.


Жоғары қарай