Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы: Қазақстанға шетелден тікелей инвестицияны тарту жұмысын тоқтатпау керек

2020 жылдың 10 шілде 2020 13:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден инвестиция тартуда елдің қазіргі мүмкіндіктерін толық пайдалануымыз керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус пандемиясы ең қызығы жаңа мүмкіндіктерге де жол ашып отыр. Сол себепті ішкі нарықты барынша толтырумен бірге біз бәсекеге қабілетті экспорттық тауарды құрып, ең қысқа уақыттың ішінде оларды нарыққа жеткізу ісін қамтамасыз етуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, шетелден тікелей инвестицияны тарту жұмысын тоқтатпау керек.

«Инвесторлар тұрақты ортаны іздейді. Сол себепті біздің елдің қазіргі мүмкіндіктерін толық пайдалануымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай