Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Мемлекет басшысы елордадағы блокпосттарды аралады

2020 жылдың 19 наурыз 2020 18:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы блокпосттарды аралап, жауапты органдардың жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті Телерадиокешені жариялаған видеодан көргендей Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаладағы жағдай туралы баяндады.


Қазіргі уақытқа дейін Алтай Көлгінов қалаға 3600-ден астам автокөлік кіргенін мәлім етті. Олармен Нұр-Сұлтан қалас ының тұрғындары мен транзит арқылы кететіндер келген. Транзитпен келгендер қалаға кірмей, айналма жол арқылы шығып кетіп жатыр.

«Елордада қазіргі уақытта 47 мың тонна астық бар. Айлық қажеттілік – 38 мың тонна. Ең маңызды азық-түлік бойынша бағаны тұрақтандырып жатырмыз. Азаматтарға қажет болмаған жағдайда көшеге артық шығудың қажеті жоқ деп айтудамыз», - деді Президентке елорда әкімі.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінде Нұр-Сұлтанда 7 науқастың анықталғанын жеткізді.

Министрдің айтуынша олармен байланыста болғандарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Дәрігерлер қалаға кіріп жатқан азаматтардың температурасын өлшеп, қолына коронавирус жайлы анықтама парағын беруде.


Жоғары қарай