Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы экономикадағы ең ұрымтал тұстарды атады - Рахман Алшанов

2018 жылдың 5 қазан 2018 15:51

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында ел экономикасы мен әлеуметтік ахуалының ең бір ұрымтал тұстарын дөп басып атады. Бұл туралы пікірін ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов айтып берді.

Оның айтуынша, биылғы Жолдаудың ерекшелігі - Президенттің көптеген маңызды мәселелерге баса мән беруінде.

«Бағдарламалар қабылданды, инвестиция бөлінген, қаулылар бар. Бірақ неге жобалар жұмыс жасамайды? Осы және өзге де өзекті мәселелер тілге тиек етілді. Мәселен, қазақстандықтар неге сырттан келген шұжық пен тауық етін жеп отыр? ОҚО-да мектептер үш ауысыммен жұмыс жасаса, солтүстік аудандарда неге жаңадан салынған мектептер қаңырап бос тұр? Инвестиция дұрыс бағытталмаған. Автобандар салынған, бірақ ауыл арасында жол жоқ. Бұл ауыл-аймаққа су құбырын тартып, бірақ үйге жеткізіп бермегенмен тең», - деді Р.Алшанов.

Сарапшының айтуынша, ҚР Қаржы министрлігі осы бағытта бақылауды күшейтуі тиіс.

«Экономика үнемді болғаны абзал. Сонымен қатар, адамның жағдайын жасауға бағытталуы тиіс. Менің ойымша, енді атқару органдары аталған мәселеге мұқият қарап, міндеттердің орындалуын қадағалайды. Елбасымыз үнемі алдына орындалатын мақсаттар ғана қоятыны белгілі. 2019 жыл қазақ халқы үшін сәтті жыл болып, межелі мақсатқа қол жеткіземіз деп ойлаймын», - деді ол.

Айта кету керек, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына жолдауын жария етті.

Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

Жоғары қарай