Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы «Достық» үйлерінің қызметін айқындап берді – Нұртөре Жүсіп

2021 жылдың 21 қазан 2021 14:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта елдегі «Достық» үйлерінде мағынасыз жиын, шаралар тоқтатылып, ол жерде сарапшылар, мамандар жұмыс істейтін болады. Бұл пікірмен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы бірқатар мәселені көтерді. Соның ішінде өңірлерді көтеру, біртұтас ұлт ұғымы, тұрмыстық кикілжіңдерді ұлтаралық жанжалдарға ұлыстырмау мәселесі тағы сол сияқты. Сол секілді Қасым-Жомарт Кемелұлы рухани-мәдени тұрғыда дами түсу керектігін айта келе, еліміздің ағарту және мәдениет саласының дамытуда өзге ұлты өкілдері Потанин, Достаевскийдің еңбектеріне ерекше тоқталып өтті. Жалпы бүгінгі жиын мазмұнды өтті деуге болады. Еліміздің тұтастығы ол бірлік пен ынтымақтастық сақтай білуде», - деді Нұртөре Жүсіп.

Сондай-ақ, халық қалаулысы елдегі жастар мәселесіне арналған жиын өткізу ұсынысы айтылғанын тілге тиек етті.

«Кеңейтілген отырыста бір қатысушы жақсы бастама көтерді. Бүгінде елімізде балаларға арналған бір ғана «Балапан» телеарнасы бар. Ол 0 жастан 9 жасқа дейінгі балаларға арналған. Ал енді 9 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған телевизиялық дүниенің, телеарнаның жоқтығын айтты. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы уақытылы назар аударып, арнайы жиын өткізу керектігі айтылды. Сонымен қатар аналар кеңесінің жұмысы туралы айтылды, бұл бойынша Президент кеңес еліміздің барлық өңірінде құрылу керектігін айтты. Мемлекет басшысы көтерген тағы бір маңызды дүние еліміздегі «Достық» үйлерінің қызметін айқындап берді. Ол жерде мағынасыз жиындар өткізбей, сарапшылар, мамандар жұмыс істейтін болады», - дейді ол.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға айналмауы тиістігін айтып өтті.



Жоғары қарай