Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы бірқатар елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

2021 жылдың 27 сәуір 2021 19:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақордада бірқатар мемлекеттің жаңадан сайланған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Уганда Республикасының елшісі Джонсон Агара Олва, Замбия Республикасының елшісі Шедрек Чингембу Лувита, Мальдивтер Республикасының елшісі Омар Абдул Раззак, Корей Халық Демократиялық Республикасының елшісі Хон Чхоль Син, Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Жорж Камиль Адольф Фабер, Исландия Республикасының елшісі Аурни Тор Сигурдссон, Черногорияның елшісі Милорад Шчепанович сенім грамотасын табыстады.

Қазақстан Президенті елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған жұмыстарына табыс тіледі.

– Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қолдайды. Біз халықаралық аренада «үлкен ойын» ойнауды емес, қайта сіздердің елдеріңізбен бірлесе отырып «үлкен нәтижеге» қол жеткізуді ойлаймыз. Болашақта әртүрлі салалар бойынша ықпалдастықты арттырамыз деп сенемін. Қазақстан сіздердің мемлекеттеріңізбен екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де тығыз қарым-қатынас орнатуға бейілді екенін жеткізерсіздер, – деді Мемлекет басшысы.

Салтанатты рәсім соңында Қазақстан Президенті Уганда, Замбия, Мальдивтер, ҚХДР, Люксембург, Исландия және Черногория көшбасшыларына өзінің сәлемін жолдап, тілектестігін білдірді.


















































Жоғары қарай