Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

2020 жылдың 10 ақпан 2020 13:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобының жұмысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы Бас прокурорға тергеу жұмыстарының әділ әрі жан-жақты жүргізілуін, қабылданған барлық шешімдердің заңды болуын және кінәлілердің жазасыз қалмауын қамтамасыз етуді тапсырды.


Жоғары қарай