Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы: Ауыл шаруашылығына арналған су рационалды түрде жұмсалуы керек

2020 жылдың 22 қазан 2020 13:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қажеттігіне арналған су мәселесін түпкілікті шешуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан үшін ауқымды проблемалардың бірі – ауыл шаруашылығы қажеттігіне байланысты су бөлу барысындағы судың айтарлықтай жетіспеуі. Биыл бұл бағыттағы көрсеткіш 2 мың текше шақырымға жетті. Бұл – жиналған судың 22 пайызы. Мұндай көрсеткіштер бізге қолайлы емес. Жолдауда мен бұл мәселені көтерген болатынмын. Ол біздің ұзақмерзімді экологиялық тұрақтылығымызға ғана әсер етіп қоймай, еліміздің толыққанды дамуына да кедергі келтіреді», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Президент сол себепті бұл мәселені заманға сай цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жедел әрі түпкілікті деңгейде шешу керектігін ескертті.

«Су рационалды түрде жұмсалуы керек. Бізде бұл тұрғыда сәтті тәжірибе бар. Түркістан облысының Мақтаарал ауданында ірі шаруашылықаралық арнаны цифрландыру бойынша К19 пилоттық жобасы сәтті іске асты. Бұл тәжірибені кеңінен пайдалану керек», - деді ол.


Жоғары қарай