Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мемлекет басшысы: Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 17:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Бұл туралы ҚР Президенті - Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткізген кеңесте айтты.

«Әскердегі қару-жарақтың дені – 30-50 жыл болған кеңес дәуіріндегі техника. Ескірген техникалардың мерзімінің өткеніне байланысты қару-жарақ паркін жаңарту үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Қарулы Күштер заманауи әрі жоғары технологиялық қару-жарақпен, әскери техникамен жабдықталуы тиіс. Қабылданатын шаралар жүйелі болуы керек. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндейтін, оларға қызмет көрсететін отандық өндірісті дамыту қажет», – деді Жоғарғы Бас қолбасшы.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді.
Жоғары қарай