Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдады

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 12:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласының 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы есебі беріліп, Президенттің Елорданы дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды.

Сонымен қатар Алтай Көлгінов Мемлекет басшысына қаланы абаттандыру және жылыту маусымы жайында ақпарат берді.

Президент әкімге жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларды қолдау, үлескерлердің мәселесін түбегейлі шешу және Нұр-Сұлтан қаласының инфрақұрылымдық дамуы бойынша берілген тапсырмаларды сапалы және уақытылы орындау керектігін атап айтты.


Басты сөздер: Әкім, Нұр-Сұлтан, Ақорда,
Жоғары қарай