Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы Алматының Индустриялық аймағында болды

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 15:49

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында қаланың Индустриялық аймағында орналасқан энергия үнемдейтін сәулеттік қасбеттер шығаратын зауыт - «КСМ Техновид» ЖШС-ның жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке кәсіпорынның өнімдері таныстырылып, құрылыс материалдары өндірісінің технологиялық процесі көрсетілді. Мұнда 250-ден астам адам жұмыс істейді. Компанияның жобаға салған жеке инвестициясы 3,8 миллиард теңге. Зауыттың қуаттылығы жылына 475 мың шаршы метр шыныпакет шығаруға жетеді.











Сондай-ақ Мемлекет басшысына Алматы индустриялық аймағының жағдайы мен даму перспективалары туралы айтылды. Мұнда жыл аяғына дейін құны 85 миллиард теңге болатын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.












Жоғары қарай