Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мемлекет басшысы Алматының «Алмалы» демалыс аумағын аралап көрді

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 19:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Республика алаңындағы қайта жөндеуден өткен «Алмалы» демалыс аумағын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Жаңартылған аумақ бірнеше бөлікке, атап айтқанда, балаларға және мәдени ойын-сауыққа арналған аймақтарға бөлінген.

Алаңға қазақ суретшілері салған мүсіндер қойылып, ауқымды көгалдандыру жұмысы жүргізілген. Ағаштар, бұталар мен гүлдер отырғызылған. Қаланың тарихы мен мәдениетін ескере отырып, қонақтар мен қала тұрғындары үшін демалатын орындар ұйымдастырылған. Сондай-ақ, әртүрлі мәдени-ағарту шараларын өткізу қарастырылады.








Жер астындағы «Алмалы» сауда және ойын-сауық орталығын қайта жөндеу жұмыстары 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.

Қ.Тоқаев шаһарға сапарын И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалынан бастады.

Сондай-ақ Алматының Индустриялық аймағында болып, қазақстандық «Hyundai Trans Kazakhstan» зауытының іске қосылуға дайындығын тексерді.




















Жоғары қарай