Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мембағдарлама аясында баспана алмақ болған азамат 7 жылға сотталып кетті

2020 жылдың 9 шілде 2020 16:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік бағдарлама аясында жалдамалы пәтерді пара арқылы бермек болған шенеунік 7 жылға сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 7 шілдесінде Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен «Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры А.Биғалиева мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы пәтер беру үшін Д.Сыдықовтан 720 мың теңге көлемінде пара алған», - деді Қайсар Баржақсынов.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, аталған үкіммен Д.Сыдықов та пара бергені және алаяқтығы үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.


Жоғары қарай