Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мектепте дәстүрлі оқытуға қатысты нақты шешім жасалмады

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 18:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова мектептерде дәстүрлі оқытуға көшуге қатысты нақты шешім жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күндізгі дәстүрлі оқыту тәртібіне қатысты қазір нақты жауап айта алмаймыз. Маусым айында барлық шектеулер алынған кезде індетке шалдығу деңгейі өскенін жақсы білеміз. Осы орайда күн сайын індетке қатысты ахуалға мониторинг жасаудамыз», - деді Р. Қожапова Орталық комумникациялар қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Роза Қожапова ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 53 қаулысына түсінік берді.

Демалыс және мереке күндеріндегі шектеу шараларына тоқталсақ, сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру бұрынғысынша сақталады. Одан басқа, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары да сақталады.


Жоғары қарай