Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Мектеп пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер қалай даярланып жатыр

2019 жылдың 14 наурыз 2019 17:03

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов мектепте ағылшын тілінде сабақ беретін мамандарды даярлау шаралары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде ағылшын тілінде сабақ беретін мектеп мұғалімдерінің тапшылығы бар. Осы уақытқа дейін бір топ мұғалімдер біліктілікті көтеру курстары аясында даярланды.

«Сонымен қатар, ағылшын тілі бойынша магистратураға адам жинадық. Мәселен, 2016 жылы 200-дей адамды қабылдадық. Сосын тағы 600 адамдай бакалавриатқа түсті. Былтыр олардың саны 900-ге дейін жетті. 2021-2022 жылдары жоғары орындарынан дайын, ағылшын тілінде толыққанды сабақ беретін мұғалімдер шығады деп отырмыз», - деді Т.Ешенқұлов ҚР Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, ағылшын тілінде сабақ беретін мамандардың біліктілігі ұлттық тестімен тексеріледі.

«Оны педагогикалық жоғары оқу орындарының биылғы түлектері де тапсырады. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық тестілеуден өтпеген маманға педагогтік қызмет жасауға рұқсат берілмейді», - деп атап көрсетті Т.Ешенқұлов.

Айта кетейік, биыл білім гранттарын тағайындау жүйесінде өзгерістер болады. Жоғары оқу орындарын жан басына қарай қаржыландыру жүйесіне басымдық беріледі. Мәселен, ҰБТ-да жоғары ұпай алған мектеп түлегі қай оқу орнын таңдаса, сол жерге грант беріледі.

«Өткен жылы аталған бастама магистратуда 21 мамандық бойынша сынақтан өткізілген болатын. Биыл заң нормалары бойынша магистратура бөлімі грант тағайындаудың жаңа моделіне толығымен көшеді. Осының арқасында магистратураға түскен адам грантты алады да, жоғары оқу орнын өзі таңдайды», - дейді Т.Ешенқұлов. Бұдан бөлек, мектеп түлектеріне мамандықты таңдау жағы жеңілдей түседі.

Жоғары қарай