Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мектеп оқушыларына компьютер сатып алуға көмектесетін акция өтеді

2020 жылдың 11 тамыз 2020 17:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мектеп оқушыларына қашықтан оқуға мүмкіндік беретін компьютерлік техниканы сатып алуға арналған «OQY'SHYNY QOLDA!» Республикалық қайырымдылық акциясы басталады. Бұл туралы ОКҚ өткен онлайн-баспасөз конференциясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, сондай-ақ «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Мектепке жол» қоғамдық қозғалысы аясында «OQY'SHYNY QOLDA!» Республикалық қайырымдылық акциясын бастады. Акция компьютерлік техниканы, ноутбуктерді, планшеттерді сатып алуға және оны қайтарымды негізде мұқтаж студенттерге беруге бағытталған. Компьютерлік жабдық демеушілер, меценаттар, еріктілер арқылы сатып алынады. Акция сонымен қатар, балалар мен жекелеген санаттағы отбасыларға жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған», - деді Есенғазы Иманғалиев.

Сонымен қатар, ол барлық қазақстандықтарға, отандық кәсіпорындар мен компанияларға үндеу тастап, барлығын акцияға қатысуға және балаларға қашықтан оқытуға көмектесуге шақырды.

«Министрлік мектептерде мониторинг жүргізіп, ақылы жабдықты алуда басымдықты анықтау кезінде ескерілетін өлшемдерді атады. Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен жетім балаларға көмек көрсетіледі. Акция аясында жабдыққа тапсырыс беру үшін qoldau.edu.kz арнайы сайты іске қосылды. Сондай-ақ, АӘК алмаған, табысы күнкөріс деңгейінен төмен, ата-анасы мүгедек немесе жалғыз басты, көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсетіледі», - деп толықтырды комитет төрағасы.


Жоғары қарай