Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Мектеп директорлары жалақысын 2 есеге арттыру мүмкіндігіне ие - министр

2020 жылдың 14 ақпан 2020 10:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан және орталық өңірлерде директорлар мен олардың орынбасарларының тапшылығы мәселесі туындап отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Директорлар үшін жай ғана мұғалім болып істеген ыңғайлы. Директорлардың жауапкершілігі жоғары және қағазбастылық көп, балалармен жұмыс істеу деңгейі де өзгеше. Бар мәселе – ынталандыруда, яғни директорлардың айлығы мұғалімдердің айлығынан төмен. Осы орайда жалақыны 2 есеге арттыру директорлар мен олардың орынбасарларына да қатысты болмақ. Ендігі кезекте директорлар өз шеберліктеріне байланысты санаттарға бөлініп, өз жалақыларын 2 есеге, яғни 100 пайызға арттыру мүмкіндігіне ие. Директорларды да қолдайтын боламыз»,- деді А. Аймағамбетов журналистерге берген сұхбатында.


Жоғары қарай