Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Мексикадағы атыс: 19 адам қаза тапты

2020 жылдың 5 сәуір 2020 06:17

МЕХИКО. ҚазАқпарат – Мексиканың АҚШ пен шекаралас Чиуауа штатында қылмыстық топтар арасында болған атыс салдарынан 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды жергілікті БАҚ штат прокуратурасына сілтеме жасап.

«Қарулы қақтығыс жайлы хабардан соң оқиға орнына жеткен қауіпсіздік қызметі 18 адамның өлі денесінің үстінен шықты», - деп жазады Milenio басылымы.

Атыс салдарынан жарақаттанған екі адам Куаутемок қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Бірақ олардың біреуі көп ұзамай көз жұмды.

Қақтығыс болған жерден 18 атыс қаруы, екі граната және екі автомобиль табылды. Оқиға орнында штаттың бас прокуратурасы мен тергеушілері және эксперттер жұмыс істеуде.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай