Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мексикада үш күндік аза тұту күні жарияланды

2021 жылдың 5 мамыр 2021 08:25

МЕХИКО. ҚазАқпарат – Мексикада метрополитендегі апатқа байланысты үш күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды. Ондағы апаттан көптеген адам қаза тапқан. Президент Андрес Мануэль Лопес Обрадордың тиісті Жарлығы сейсенбі күні кешке ел үкіметінің ресми басылымы Diario Oficial de la Federacion-да жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«3 мамырда Мехико метрополитенінің 12-ші жолындағы қайғылы жағдайға байланысты үш күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды» делінген құжатта.

Мехиконың оңтүстігіндегі «Оливос» станциясының маңындағы метро бекеті дүйсенбі күні кешке қарай артынан келе жатқан құраммен бірге құлады. Салдарынан шамамен 10 м биіктіктен екі вагон құлаған. Ресми мәліметтерге сәйкес, 24 адам қайтыс болды. Кем дегенде 79 жолаушы зардап шекті.

Бұған дейін Мехикода аза тұту жарияланды. Апат болған желі белгісіз мерзімге пайдаланудан шығарылды.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай