Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мексикада алапат өрт болып, 100 отбасы баспанасыз қалды

2022 жылдың 3 қаңтар 2022 00:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласының тұрмысы төмен отбасылар мекендеген ауданында өрт шығып, 100 отбасы баспанасыз қалды. Үйлердің бәрі адамдар қолына түскен материалмен жасап алған күрке-лашықтар, деп хабарлайды El Milenio газетінің сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, бірнеше жүздеген адам баспанасыз қалған. Өртті 4 өрт сөндіру бөлімінің мамандары бірнеше сағат арпалысып, өшірген. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Өңір билігі уақытша баспана жасап, үйсіз қалғандарды сонда топтастыруда. Өрттің неден шыққаны әзірше белгісіз.

Бір ғана «үйді жылыту кезінде от жағу қауіпсіздігін сақтамаған болуы мүмкін» деген болжам бар. Себебі жексенбіге қараған түні бұл өңірде ауа температурасы -1 градусқа дейін төмендеген.




Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай