Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 409.98
EUR 462.21
RUB 5.75
CNY 58.43

Mega Pharma компаниясы медициналық маскалар тарату акциясын бастады

2020 жылдың 26 наурыз 2020 19:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық медициналық маска өндіретін «Mega Pharma» компаниясы «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қазақстандықтарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Үкіметтің осы күндері коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу үшін жүзеге асырып жатқан шараларын қолдауға шақырған болатын.

Осыған байланысты отандық медициналық маскалар өндіруші «Mega Pharma» ЖШС «Біз біргеміз!» акциясын бастады. Компания өкілдері бүгін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарына 100 мыңнан астам медициналық масканы тегін таратуда. Әрбір адамға 5 дана медициналық маска беріледі.





«Mega Pharma» компаниясы Шымкент қаласында құрылды. Кәсіпорын полимерлік материалдардан бір реттік медициналық бұйымдарды, аскорбин қышқылын, дәрі қобдишасынан және басқа да медициналық тауарларды шығарумен айналысады. Бүгінгі күні кәсіпорын тәулігіне 50-60 мың медициналық бетперде шығарады. Кәсіпорын шығаратын өнім медицинаның әр түрлі салаларында қолданылады және сапа мен қауіпсіздіктің барлық заманауи талаптарына жауап береді.





Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарын адамдар көп шоғырланатын жерлерде және қоғамдық көлікте маска тағуды, сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтауға кеңес береді.


Жоғары қарай