Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Медицина қызметкерлері арасында неге коронавирус өршіп барады – вице министр

2020 жылдың 15 сәуір 2020 19:07

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров тікелей эфирден медициналық қызметкерлер арасында неге коронавирус инфекциясы өршігенін әрі онымен қалай күресу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Неге медицина қызметкерлері арасында инфекция бұрқ ете түсті? Стратегиялық тұрғыдан біз тәуекелдер тобында жұмыс істейтінімізді білдік. Олар, әлбетте, медицина қызметкерлері. Олардың барлығы тестілеуден өтеді. Бұл үшін қажетті ресурстар жеткілікті. Жоспар айқындалды. Біздің әріптестеріміздің одан әрі жағдайы ушығуына жол бермеу үшін ошақтарды айқындайтын боламыз. Статистика өсетіні белгілі. Бірақ басқа жол жоқ», - деді ол.

Оның айтуынша, барлық ошақтарды айқындау үшін барлық медициналық қызметкерлер тестілеуден өтеді. Сонымен қатар, алдыңғы қатарда жұмыс істеп жатқан полиция, блокпостарда тұрған әскерилер, азық-түлік дүкендерінің қызметкерлері де тестіленетін болады.

Айта кету керек, Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлердің саны бүгін 218-ге жетті.


Жоғары қарай