Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Медицина ардагері: Вакцинация — пандемиядан шығудың қадамы

2021 жылдың 18 маусым 2021 14:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Медицина ардагері коронавирус инфекциясымен күресу кезінде вакцинацияның маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық мемлекет және медицина қайраткері, Қазақстан Республикасының екінші Денсаулық сақтау министрі, медицина ғылымдарының докторы Василий Девятко ҚазАқпарат тілшісіне вакцинация маңыздылығы жайыл айтып өтті.

«Адамзат ғасырлар бойы көптеген жұқпалы аурулардан зардап шекті. Әр уақытта өз аурулары болды. Қазір 21 ғасырда біз коронавирус сияқты өте ауыр ауруды кездестірдік. Бүгінде бүкіл әлем онымен күресуде. Күрес түрлері әртүрлі және бүгінгі таңда біздің барлық сауатты адамдар мұны жақсы түсінеді деп ойлаймын. Бірақ соңғы 150 жылда ең тиімдісі халықты вакциналау екеніне күмән жоқ.

Мен өзім жасы келген адаммын. Мен елу жылдық тәжірибесі бар дәрігермін, мүмкіндік пайда болған кезде вакцина қабылдадым», - деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Василий Девятко.

Оның айтуынша, вакцинацияның қай жерде сәтті жүргізіліп жатқанымен бүкіл әлем бөлісті.

«Біз вакцинация қай елдерде жақсы қарқынмен жүретінін және қандай да бір себептермен қарқыны баяулайтынын білеміз. Бір жерде объективті қиындықтар бар. Мысалы, Үндістанда халық саны көп, Бразилияда ауру мен өлім саны ең көп тіркелді. Біз де біраз адамды, соның ішінде дәрігерлерімізден айрылдық. Мен халықты жасына қарамастан, тіпті созылмалы аурулар болса да, міндетті түрде вакцина алуға шақырамын. Вакцинация — пандемиядан шығу қадамы. Бұл шақыру да, насихат та емес. Бұл шынымен де өмір сүру, төтеп беру және ауырып қалмау үшін шұғыл қажеттілік», - деді медицина ардагері Василий Девятко.

Алпамыс Исраил

Басты сөздер: Алматы, Коронавирус, Вакцина,
Жоғары қарай