Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Мәжілісмендер Алматы облысы тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдады

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 11:09

ІЛЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Іле ауданында Мәжіліс депутаттары Омархан Өксікбаев, Әбдіманап Бектұрғанов, Амангелді Дәуренбаев «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуге қатысушылар депутаттарға өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, консультация алды.

Қойылған сауалдардың көбі әлеуметтік сала, жұмыспен қамту және ауылды абаттандыру мәселелеріне қатысты болды.

Мәселен, Қапиза Нұранова Жетіген ауылындағы Жаңаталап көшесінің жолын жөндеуге ықпал етуді сұрады.

Азаматтардың барлық өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған депутаттар уәкілетті органдармен бірлесіп, көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама аясында шешуге ықпал ететіндіктерін жеткізді.




«Кездесу барысында О.Өксікбаев «Nur Otan» партиясының депутаттары өз сайлаушыларымен үнемі байланыста болып, ауыл тұрғындарының проблемаларына барынша көңіл бөлетінін атап өтті. Мəжіліс депутаты бұл мәселелерді Елбасы-партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі қадағалап отыратынын жəне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқына Жолдауында осы туралы сөз қозғағандығын айтты», - делінген Мәжілістің баспасөз баянында.

Халықтың тыныс-тіршілігінен хабардар болған депутаттардың айтуынша, бүгінгі қабылдау аудан тұрғындарының билікпен диалогқа және жалпы мәселелерді бірлесіп шешуге дайын екендігін көрсетті.


Жоғары қарай