Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс Жоғарғы сот төрағасы мен судьясы үміткерлеріне қатысты құжатты мақұлдады

2021 жылдың 24 ақпан 2021 12:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасында Жоғарғы Соттың жұмыс істеп тұрған мамандандырылған сот алқасын тарату және әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылады. Облыстық соттарда да тиісті сот алқалары құрылатын болады, бұл өңірлерде істерді бөлуге байланысты үнемі өзгеріп отыратын жағдайға уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. Заң жобасында ұсынылып отырған нормалар әкімшілік әділетті енгізудің бастапқы кезеңінде жүктемені тең бөлуге, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылықтар мен жария даулар туралы істерді қарау жөніндегі сот практикасының аражігін ажыратуға мүмкіндік береді», - деді депутат Қанат Мусин.

Оның айтуынша, заң жобасымен Жоғарғы Сот төрағасы, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьялары лауазымына үміткерлерге қойылатын талаптарға қатысты өзгерістер енгізіледі. Бұл түзетулер елдің Жоғары Сот органына мамандандырылған құқық салаларында мол тәжірибесі бар тәжірибелі заңгерлерді тартуға бағытталған. Бұл шаралар неғұрлым даулы істер бойынша сот төрелігінің сапасын арттырады және бүкіл сот жүйесіне оң әсерін тигізеді.

«Осы түзетулердің Мемлекет басшысы ұсынған үміткерлерге ғана қатысты екенін және басқа судьяларға қолданылмайтынын атап өту қажет. Заң жобасын жұмыс тобы аясында талқылау кезінде құқықтық олқылықтарды болдырмау, заң жобасының нормаларын бір-біріне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында редакциялық, нақтылау сипаттағы түзетулер енгізілді», - деді депутат.

Еске сала кетейік, аталған құжат биыл 17 ақпанда Мәжілістің жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған еді.

https://www.inform.kz/kz/zhogargy-sot-toragasy-zhane-sud-yasy-lauazymyna-kandidattarga-katysty-talapka-ozgeris-engizildi_a3754108


Жоғары қарай