Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс Жер кодексіне түзетулерге мораторий мерзімін ұзарту туралы заң жобасы бойынша жұмысын бастайды

2016 жылдың 2 қараша 2016 10:59

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымындағы ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс істейді. Осы ретте бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында тиісті қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аталған заң жобасы ҚР Президентінің 2016 жылғы 18 тамыздағы №308 Жарлығын орындау үшін әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаты - шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі 50 пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жер пайдалану құқығын берумен, сонымен қатар жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жекеменшік құқығын берумен байланысты нормаларға қатысты бөлігі бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заңының қолданылуын тоқтата тұру мерзімін ұзарту болып табылады», - деді Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров.

Осы орайда депутат комитеті аталған заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша қортынды әзірлеуге дайын екенін мәлім етті.

Жоғары қарай