Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин: Мен үшін өте үлкен жауапкершілік

2021 жылдың 15 қаңтар 2021 13:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланған Нұрлан Нығматулин әріптестеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен, мені тағы да осы жоғары лауазымды қызметке - Мәжіліс Төрағасы ретінде сайлағандарың үшін шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер! Біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан да әрқашан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіме жүктеген міндеттерін жоғары деңгейде орындау үшін, сіздердің және біздің сайлаушылардың сенімін ақтау үшін барлық жинаған білімімді, тәжірибемді жұмсайтын боламын», - деді Мәжіліс төрағасы болып сайланған Нұрлан Нығматулин.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы лауазымына депутаттардың жасырын дауыс беруі нәтижесінде сайланған еді.

Н.Нығматулин «Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаты мандатына ие болғаны еді.



Жоғары қарай