Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мәжіліс Төрағасы бейбіт жиналыстар туралы заң жобасына қатысты пікір білдірді

2020 жылдың 26 наурыз 2020 12:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Н. Нығматулин Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар, парламенттік емес партиялар, ҮЕҰ мен азаматтық қоғамның өкілдері бірлесіп жұмыс атқарған жаңа заң жобасы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына сәйкес келетінін атап өтті. Отырыс барысында депутаттар бірқатар мәселелерге тоқталды.

Нұрлан Нығматулин талқылауды қорытындылай келе, заң жобасының үкіметтік нұсқасы түрлі алаңдарда, соның ішінде өңірлерде талқыланғаннан кейін, елеулі өзгерістерге ұшырағанына тоқталды. Бұдан басқа, екінші оқылымға дейін жұмыс тобы түзетулер мен толықтырулардың соңғы редакцияларын пысықтауы тиіс.

Мәжіліс төрағасы бұл митингілер туралы заң жобасы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасына сәйкес келетінін айтып, заң жобасы жиналыстар мен митингілерді ұйымдастыру мен өткізудің қолданыстағы тәжірибесін түбегейлі өзгертетініне және азаматтардың құқықтары, сондай-ақ олардың жиналыстар мен митингілерді өткізу кезіндегі жауапкершіліктерінің оңтайлы үйлесімін қамтамасыз ететіне назар аударды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.



Жоғары қарай