Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс өзге мемлекеттермен қарым-қатынаста Қазақстан мүддесін қорғайтын құжатты мақұлдады

2021 жылдың 20 қаңтар 2021 11:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасы Конституцияның 4-бабының 3-тармағына 2017 жылғы енгізілген өзгерістермен қатар бекітілгелі отырған Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданылу тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында әзірленді.

«Заң жобасын қабылдау бейінді заңға ратификацияланған халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы заңдарының алдындағы басымдығы, мұндай халықаралық шарттардың тікелей қолданылуы, жұртшылықты халықаралық шарттардың мәртебесіндегі өзгерістер жөнінде хабардар ету туралы нормаларын енгізуді, сондай-ақ халықаралық шарттарды тоқтату тәртібін реттеудегі олқылықтарды жоюды қамтамасыз етеді», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Сонымен қатар, заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының алдына алған міндеттемелерін орындамайтын мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерін ескеруді қамтамасыз етеді.

«Көрсетілген мәселелерді бейінді заңға басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасының алдына алған міндеттемелерін орындамаған жағдайда халықаралық шарттарды орындауды тоқтата тұру түріндегі жауап шаралар қабылдауын көздейтін нормалар енгізу арқылы шешу ұсынылады», - деді министр.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Заң, Парламент,
Жоғары қарай