Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс ЕАЭО мемлекеттерінің кедендік әкелу баждарын бөлу нормативтерін мақұлдады

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 13:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Хаттама 2019 жылы 1 қазанда Ереванда жасалды.

«Хаттамада кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтерін бекіту көзделеді. Нормативтердің мөлшері мүше бес мемлекет үшін айқындалған. Бұл ретте Қазақстан үшін норматив 6,955% болып отыр», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Аталған нормативтер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында кедендік әкелу баждарын бөлуге мөлшерлес тәсілді қамтамасыз етуге арналған.

«Сондай-ақ, Хаттамада мүше мемлекеттердің жоғары мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бірлескен бақылау іс-шаралары аясында мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының осы Хаттаманың ережелерін сақтауын жыл сайын тексеретіні айқындалған. «Халықаралық шарттар туралы» Заңға сәйкес осы Хаттама ратификациялауға жатады. Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды», - деді министр.


Жоғары қарай