Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Мәжіліс депутаттары қайғылы оқиғада қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 10:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы бір минуттық үнсіздікпен басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 10 қаңтарда елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялануына орай, депутаттар қайтыс болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды»,-делінген ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

«Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин барлық депутаттар атынан еліміздің бірқатар өңірлерінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.


Жоғары қарай